ЖАНТ мүшесі “Мұханмедин Шихыұлы” мешітінде жұма уағызын айтты
ЖАНТ мүшесі,Жаңаөзен қаласының маңындағы Теңге ауылында орналасқан «Қосай ата» мешітінің бас имамы Бахарамұлы Нұрмұхаммед Қызылсай ауылдық “Мұханмедин Шихыұлы”мешітінде жұма уағызын жүргізді.
Қоғамда адалдықтың,адал еңбек пен адал болудың маңызы тақырыбында жұма уағызын жүргізген ЖАНТ мүшесі адал адамның бойында болуы керек негізгі сипаттарға тоқталып,дініміздегі адалдықтың маңызы жайлы айтты.
Алла Тағала баршамыздың адал да әділ жандардан болуымызды жазып, қасиетті жұма күнгі дұға-тілектерімізді қабыл еткей!


