Бас имам Қарақия аудандық мешітінің жамағатымен жүздесті
«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Қарақия аудандық орталық мешітінің жамағатымен жүздесті.
Облыс бас имамы құптан намазына жиналған көпшілікке «Тақуалық,мұсылманның келбеті » тақырыбында уағыз айтып, дініміздің жеке адам баласын ғана емес, тұтастай қоғамды да имандылыққа бастап, игілік пен ізгілік жолына бағыттайтынын атап өтті.
Сонымен қатар ,аудандық мешітте «Мүфтият» рухани-танымдық, имандылық бұрышы ашылған болатын.Аталмыш имандылық бұрышына ҚМДБ тарапынан сарапатаудан өткен кітаптар қойылды. Аудан бас имамы Пірманов Руслан алдағы уақытта танымдық бұрышқа толықтырулар енгізіліп,сараптамадан өткен кітаптармен толықтыралатынын айтып өтті.