blog Images

НАМАЗ-ДІННІҢ ТІРЕГІ

 Намаз – Аллаһ пен құл арасындағы байланыс негізі. Бес уақыт намазды орнымен оқып, үлкен күнә жасамаған адамның кіші күнәлары кешірілетіні жайлы аяттар мен хадистер бар. Құранда былай дейді: «(Ей, Мұхаммед!) Саған уахи етілген кітапты оқып, намазды орында. Күдіксіз намаз арсыздық пен жамандықтан тыяды».Хазіреті Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларға: «Сендердің араларыңнан бір адамның есігінің алдында өзен ағып, ол сол өзенге күніне бес рет шомылса, ол адамда кір қала ма?» – деп сұрағанда, сахабалар: «Жоқ қалмайды», – деп жауап қайырады. Сонда Аллаһ Елшісі (с.а.у.): «Судың кірді тазалайтынындай бес уақыт намаз да күнәларды тазалайды». Басқа бір хадисте былай дейді: «Бес уақыт намаз бен жұма намазы үлкен күнә жасамаған адамды келесі жұмаға дейінгі жасаған күнәларынан арылтады».Ақыретте адам баласы есепке тартылғанда, ең ал-дымен намаз сұралады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Адамдардың қиямет күнінде алғаш есепке тар-тылатын амалы мен іс-әрекеті – намаз».
Әлемдердің Раббысы болған Алла Тағаланың құлдарына өсиеті. Қасиетті Құранның бірнеше аятындаАлла Тағала «намаз оқыңдар» деп бұйырады. Сонымен қатар намаздың маңыздылығын көрсететін мынадай аяттар да бар:

«(Уа, Мұхаммед!) Саған уахи етілген кітапты оқып, намазды орында. Күдіксіз, намаз арсыздық пен жамандықтан тыяды» («Анкабут», 45);

«Расында, намаз белгіленген арнайы уақыттарда парыз етілді»(«Ниса», 103);

«Алайда олар барлық бұрыс діндерден бойын аулақ ұстап, шынайы түрде Аллаға құлшылық етуден, намазды тұп-тура оқудан және зекет беруден өзге нәрсеге әмір етілмеген болатын» («Бәйина», 5).

«Намаз – діннің тірегі»;«Адамдардың қиямет күнінде алғаш есепке тартылатын амалы мен іс-әрекеті – намаз»(Термези риуаяты);

«Үлкен күнә жасамаған адамды бес уақыт намазы мен жұма намазы келесі жұмаға дейінгі жасаған күнәларынан арылтады» (Мүслім риуаяты),−деп намаздың маңыздылығын атап өткен.

Қазақ халқының ұлттық танымында Құдайға деген құлшылық-ғибадаттың, оның ішінде намаздың орны ерекше. «Кей намаздан бейнамаз жаман» деп намазсыз адамдар қатты жазғырылған. Қазақ әдебиетіндежәне тарихында қазақ халқының шариғат талаптарын бұлжытпай орындағаны жайлы деректер молынан кездеседі.

                                                                                                                            Ақпарат «Дін мен Дәстүр» кітабынан алынды.