“Әбіш қожа” мешіті:”Амал Quiz” атты зияткерлік білім сайысы өтті
Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінің ұйымдастыруымен мешіт жамағаттары арасында “Амал Quiz” атты зияткерлік білім сайысы өтті.
Шараның басты мақсаты-жастардың зияткерлік деңгейін арттыру және олардың ислам туралы білімін көтеру.Білім сайысында діни және логикалық сұрақтар қойылып,қатысушылар сайысқа түсті.Сайыс соңында жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.



