«Асаба болу өз ісің әдептен озбау – борышың» атты семинар өтті
ҚМДБ бекіткен «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінде Ғұламалар кеңесі және РАНТ мүшесі,коуч Арман Қуанышбаев«Асаба болу — өз ісің, әдептен озбау — борышың» атты асабалармен семинар өткізді.
Жиынға ҚМДБ Ғұламалар кеңесі және РАНТ мүшесі,коуч Арман Қуанышбаев,зиялы қауым өкілдері,жиырмадан астам асаба,блогерлер қатысты. Іс-шараның мақсаты — ізгі қоғам құруда қазақтың торқалы тойларының тізгінін ұстап жүрген асабаларымызға той өткізудің әдебі мен маңызы туралы талқылау болды.
Арман Баймаханұлы шариғат пен дәстүрді ұстана отырып той өткізудің маңызы жайында ойларын ортаға салды.Жиын соңында асабалық қызметін атқарып жүрген жандар ұстазға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сауалдарына жауап алды.