РАНТ мүшесі орталық мешітте уағыз айтты
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде РАНТ мүшесі,Ақшұқыр ауылдық мешітінің бас имамы Асга Юнес Қадырқұлұлы «Сабырлық» тақырыбында жамағатқа тұщымды уағыз-насихат айтты.
Жиналған жамағатқа сабырлылықтың құндылығы қиындық басқа түскен сәттегі сабырлылық екендігін түсіндіріп өтті.Сондықтан да сабырлылық адамға сенім ұялататын, болашаққа бағыт сілтейтін, қажыр мен қайрат сыйлайтын ең бір ізгі қасиет болғандықтан, жамағатты әр кез сабырлы болуға шақырды.
«Әли Имран» сүресінің 146-шы аятында: «Алла сабырлыларды жақсы көреді», – делінген. Сондай-ақ, «Сабыр етушілерге берілетін сыйлық есепсіз» екенін де құдіреті шексіз Алла Тағала қасиетті Құран арқылы өз құлдарына сүйіншілей хабарлайды.