МАҢҒЫСТАУ ИМАМДАРЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП БЕРДІ
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы өкілдігіне қарасты аудан және қала мешіттерінің имамдары 2023 жылы атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша жылдық есеп берді.
Жыл басында бағдарлық баяндамасында бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2023 жылды «Ислам және Ізгі қоғам» жылы деп жариялаған болатын. Маңғыстау өкілдігі аталмыш жыл аясында бірқатар ауқымды іс-шараларды жүзеге асырды. Осыған орай, мүфтият бекіткен 5 бағыт негізіндегі жоспарға сай Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы өкілдікке қарасты қала және аудан имамдарының жылдық есебін тыңдап, 2023 жылы атқарылған жұмыс барысын қорытындылады.
Сондай-ақ,Мүфтият жоспары мен өкілдіктің жылдық жоспарын қалтқысыз орындап, дін қызметінде белсенділік танытқан имамдардың еңбегі елеусіз қалмады.Дін қызметкерлерін ынталандыру мақсатында «Үздік ұстаз-2023″,»Үлгілі мешіт-2023″,»Атаулы шаралар бойынша Үздік мешіт-2023″,»Үздік мешіт-2023″,»Белсенді имам-2023″ аталымдары бойынша имамдар марапатталды.
1:»Үздік ұстаз-2023″-Марат Жарылқапұлы
2:»Үлгілі мешіт-2023″— Жаңаөзен қалалық«Шаңырақ» мешіті
3:»Атаулы шаралар бойынша Үздік мешіт-2023″-Ақтау қалалық «Ержан Хазрет»мешіті
4:»Үздік мешіт-2023″-Жаңаөзен қалалық орталық «Әбіш қожа»мешіті
5:»Белсенді имам-2023″-Дүйсенбаев Адайбек марапатталды.
«Біздің мақсатымыз — исламның тазалығын, оның өзіндік сұлулығын халыққа жеткізе білу. Егер ісіміз нәтижелі болса соңында халықтың өзі-ақ ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін білетін болады. Сондықтан, дін қызметін жанашырлықпен, абыроймен атқаруларыңызға тілектестігімді білдіремін», — деп атап өтті бас имам.Сөз соңында аталмыш жылда белсенді атқарылған игі жұмыстар үшін алғыс білдіре отырып, келер 2024 жылы бұдан да жоғары деңгейде жұмыс атқарылуы керектігін жеткізді.
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің
баспасөз қызметі