«Әль-Хаким»мешіті:полиция қызметкерлерімен кездесу өтті
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданына қарасты Қызылтөбе ауылдық «Әль-Хаким» мешітінің бас имамы Шаденов Айғабыл Дәуірханұлы полиция қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында отбасындағы зорлық-зомбылық жайлы уағыз-насихат айтты.Онда отбасылық келеңсіз оқиғалар, ерлі-зайыптылар арасындағы қарым-қатынас баланың мінез-құлқына тікелей әсер етіп, жасөспірімдерді заңбұзуға итермелейтіндігі туралы айтылды.
Отбасындағы моральдық және этикалық құндылықтардың сақталуы жастардың болашағына зор әсерін тигізетіндігіне тоқталды. Сондай-ақ, жанұялардағы қарым-қатынас тұрақтылығы жөнінде әңгіме өрбітіп, қызметкерлермен сұрақ-жауап алысты.