Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы өтті
Ақтау қалалық «Бекет ата» мешітінде кезекті қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
«Ақтау Агро» ЖШС-нің басшылары Әбілсейіт Жолдасбекұлы мен Данияр Жарасұлының бастамасымен қалалық «Бекет ата» мешітінің тізімінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 40 жанұяға «Каспий құс» фабрикасының өнімдері үлестірілді.
«Осындай қайырымдылық шараларын ұйымдастыруға әрдайым асығып тұрамыз, себебі, дінімізде өзгені қуантуға, мұқтажға қолдау көрсетуге үлкен мән беріледі. Игі шараға мұрындық болған азаматтарға мешітіміздің атынан алғыс білдіреміз» деді құлшылық үйінің ұстазы Ақмарал Сисембайқызы.