Наиб имам «Төлей ишан» мешітінде насихат айтты
Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Қайрат Қошкелдіұлы Басқұдық ауылдық «Төлей ишан» мешітінде жамағатпен кездесіп, «Уақып – сарқылмас қазына» тақырыбында насихат айтты.
Насихат барысында уақыптың ислам дініндегі орны мен маңызы, оның қоғам игілігіне тигізер пайдасы кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ, уақып жасаудың сауабы, оның қайырымдылық пен ізгілік жолындағы рөлі және ұрпаққа қалатын сауапты амал екені айтылды.
Қайрат Қошкелдіұлы жамағатты игі істерге үлес қосуға, қайырымдылық жасауға және ел игілігіне қызмет ететін сауапты бастамаларды қолдауға шақырды.
Кездесу соңында жамағат көкейдегі сауалдарын қойып, тұшымды жауаптар алды.
