blog Images

«Әл-Хаким»мешітінің имамы өрт сөндіру мекемесінде насихат айтты

Қызылтөбе ауылдық «Әл-Хаким» мешітінің имамы Дінмұхаммед Шындәулетұлы өрт сөндіру қызметінің қызметкерлерімен кездесіп, «Жат ағымның алдын алу» тақырыбында насихат жүргізді.

Кездесу барысында дәстүрлі діни құндылықтарды сақтау, діни сауаттылықты арттыру, түрлі теріс ағымдардың ықпалына түсуден сақтану мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар дін мәселесінде дұрыс ақпарат көздеріне жүгіну, күмәнді діни ұстанымдардан аулақ болу және қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті сақтаудың маңыздылығы айтылды.

Кездесудің негізгі мақсаты – жат діни ағымдардың алдын алу, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау және діни сауаттылықты арттыру.