blog Images

«Әл-Хаким»мешітінде әйел жамағаты арасында білім сайысы өтті

Қызылтөбе ауылдық «Әл-Хаким» мешітінде Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен әйелдер жамағаты арасында «Дін мен дәстүр» кітабы бойынша білім сайысы өткізілді.

Рухани-танымдық шараның мақсаты – қатысушылардың діни білімін жетілдіру, ұлттық құндылықтар мен дәстүрлі діни танымды кеңінен насихаттау.

Сайыс басталмас бұрын мешіт ұстазы Раушан Хайрадинқызы әйелдер жамағатына тағылымды уағыз айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Білім сайысының қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар анықталып, жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталды. Атап айтқанда:

І орын – 30 000 теңге;

ІІ орын – 20 000 теңге;

ІІІ орын – 10 000 теңге.

Ізгі шара қатысушылардың білімін шыңдап қана қоймай, діни сауаттылықты арттыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған тағылымды басқосу болды.