«Шаңырақ» мешіті: Жастар күніне орай садақ атудан спорттық сайыс өтті
Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінде Жастар күніне орай, садақ ату федерациясымен бірлесе отыра жасөспірімдер арасында садақ атудан жарыс өтті.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақты ұлттық спорт түрлеріне баулу, мергендікке, ептілікке, сабырлылық пен шапшаңдыққа тәрбиелеу, сондай-ақ жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
Жарыс бірнеше жас ерекшелігі бойынша өткізіліп, қатысушылар өздерінің мергендік қабілеттерін сынады.
Жарыс нәтижелері бойынша:
7–8 жас аралығы:
1-орын – Шәкір Закария
2-орын – Бұқарбай Рамазан
3-орын – Әділ Альбина
9–10–11 жас аралығы:
1-орын – Сағынбай Абдулали
2-орын – Данатар Нұрбек
3-орын – Тұрұм Ұлар
12–13–14 жас аралығы:
1-орын – Амангелді Қабыл
2-орын – Аманел Амир
3-орын – Батырғали Аққу
« КӨРЕРМЕН КӨЗАЙЫМЫ» номинациясымен -Жұбан Айбек марапатталды.
Жарысқа қатысқан барлық жас мергендерге алғыс білдіреміз! Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!
Іс-шараның өтуіне қолдау көрсеткен Садақ ату федерациясына және ұйымдастырушыларға ризашылығымызды білдіреміз.
Алла Тағала ұрпағымызды білімді, рухты, қайратты әрі елге пайдалы азаматтардан етсін!
Дәстүрлі құндылық – ұлт тәрбиесінің негізі.
