blog Images

Бейнеу аудандық мешіті : Ысырапшылықтың алдын алу мақсатында ақпараттық парақшасы таратылды

Бейнеу аудандық орталық «Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешітінің ұйымдастыруымен ысырапшылықтың алдын алу және дастарқан мәдениетін қалыптастыру мақсатында арнайы ақпараттық  парақшалары дайындалды.

Игі бастама аясында тұрғындар арасында  ақпараттық парақшасы таратылды. Ақпараттық материалдарда ас беру кезінде ысырапқа жол бермеу, дастарқан мәдениетін сақтау және игі дәстүрлерді ұстанудың маңыздылығы насихатталды.

Шараның негізгі мақсаты – қоғамда үнемшілдік мәдениетін қалыптастырып, ас беру рәсімдерін шариғат талаптары мен ұлттық дәстүрге сай өткізуге үндеп, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу.