Облыс бас имамы Жаңаөзен орталық мешітінде жұма уағызын айтты
ҚМДБ Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Жаңаөзен қалалық орталық «Әбіш қожа» мешітінде жамағатқа жұма уағызын айтты.
«Аманатқа адалдық – иманның бір бөлігі» тақырыбында жұма насихат айтқан облыс бас имамы аманатқа қиянат жасамаудың, әрбір істі жауапкершілікпен атқарудың және сенімге селкеу түсірмеудің маңыздылығына тоқталды.
Сонымен қатар аманат ұғымының адам өміріндегі орны мен оның мұсылмандық мінез-құлықтағы мәні түсіндірілді. Жамағатты адалдық пен жауапкершілікті өмірлік ұстаным етуге шақырды.
Жұма намазынан соң жамағатпен бірге халқымыздың амандығы мен еліміздің тыныштығы үшін дұға жасалды.
