blog Images

Жаңаөзен орталық мешітіне жаңа бас имам тағайындалды

 Жаңаөзен қалалық орталық «Әбіш қожа» мешітіне жаңа бас имам қызметке тағайындалды.

Қасиетті жұма күні Маңғыстау облысының бас имамы  Әнуар Ізімбайұлы мешіт жамағатына жаңа бас имам – Жұмырбаев Жұмабай Қуандықұлын таныстырып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің   бұйрығын жеткізді.

Облыс бас имамы жаңа қызметке тағайындалған Жұмабай Қуандықұлына жауапты қызметіне сәттілік тілеп, ел игілігі жолындағы діни-ағартушылық жұмыстарына береке тіледі.

Сондай-ақ осы уақытқа дейін мешіттің бас имамы қызметін атқарған Қажымұқан Далубайұлына атқарған еңбегі үшін алғыс білдіріп, алдағы еңбек жолына табыс пен береке тіледі.

Айта кетейік, Жұмабай Қуандықұлы бұған дейін Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде наиб имам қызметін атқарған.

Жаңа бас имамның қызметіне сәттілік тілейміз!