blog Images

«YU Оқырманы» кітап оқу байқауына қатыс!

📚 «YU Оқырманы» кітап оқу байқауына қатыс!
Кітап оқы. Ойыңды жеткіз. Біліміңді дәлелде. Жүлдеге ие бол!

Yessenov University ғылыми кітапханасы «Кітап оқитын ұлт» марафонының «Кітап оқитын университет» бағыты аясында студенттер мен магистранттар арасында «YU Оқырманы» кітап оқу байқауын өткізеді.

Байқауға қатысу үшін «Кітап оқитын университет» бағыты бойынша ұсынылған 15 кітаптың ішінен өзіңе ұнаған 1 кітапты таңда. Барлық 15 кітапты оқу міндетті емес.

ҚАТЫСУ ШАРТЫ:
1️⃣ Тіркел де, 15 кітаптың ішінен 1 кітап таңда.
2️⃣ Кітапты 28 қыркүйек – 18 қазан аралығында оқы.
3️⃣ Сол кітап бойынша кемінде 250-300 сөзден тұратын эссе жаз.
4️⃣ Эссені 19-22 қазан аралығында library@yu.edu.kz поштасына жібер.
5️⃣ Үздік 20 қатысушы финалға өтеді.

🏆 Жүлде қоры – 100 000 теңге
🥇 I орын – 50 000 теңге
🥈 II орын – 30 000 теңге
🥉 III орын – 20 000 теңге

✍️ Эссе қазақ немесе орыс тілінде жазылады. Көлемі – кемінде 250–300 сөз. Жұмысты Word немесе PDF форматында жіберуге болады.
📩 Эсселерді қабылдау: library@yu.edu.kz

«Кітап оқитын ұлт» марафонын қолдау мақсатында байқау Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің бастамасымен, Маңғыстау қажылар қауымдастығының қаржылай қолдауымен өткізіледі.

🔗 Тіркелу үшін био бөліміндегі сілтемеге өтіңіз немесе QR-кодты сканерлеңіз.