blog Images

Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітіне Құран оқуға арналған 100 үстелше уақып етілді

Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінде  жамағатқа Құран Кәрімді қолайлы әрі ыңғайлы оқуына жағдай жасау мақсатында 100 дана Құран оқуға арналған арнайы үстелше  уақып етілді.

Аталған қайырымдылық шарасы Құранға құрмет көрсетіп, мешіттің игілігіне жасалған сауапты амалдардың бірі. Арнайы пластик үстелшелер мешітте Құран оқитын жамағаттың пайдалануына беріледі.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) адам қайтыс болған кезде оның үш амалынан басқа барлық амалы тоқтайды: үздіксіз садақа, пайдасы тиетін ілім және артынан дұға ететін ізгі перзенті деген хадисі бар.

Осы сауапты іске себепкер болған жандарға Алла Тағала разы болсын! Уақып етілген үстелшелермен Құран оқылған сайын сауабы еселеніп жазылсын. Жасаған игі амалдары қабыл болып, дүние-мүлкіне береке берсін!