blog Images

ЖАНТ мүшесі «Оразмағанбет ахун»мешітінде насихат айтты

ЖАНТ мүшесі,Теңге ауылдық «Қосай ата» мешітінің бас имамы Нұрмұхаммед Бахарамұлы Рахат ауылдық «Оразмағанбет Тұрмағанбетұлы» мешітінің жамағатымен кездесті.
Жиын барысында жамағатқа «Иманды сақтау жолдары» тақырыбында тағылымды уағыз айтылды.Нұрмұхаммед Бахарамұлы өз уағызында иманның қадір-қасиеті, оны жүректе бекітіп, күнделікті өмірде амалға асырудың маңызы жайлы кеңінен тоқталды. Сондай-ақ, мұсылман баласының иманды сақтау жолында кездесетін сынақтар мен оларды жеңудің амалдарын түсіндірді.

Жиын соңында жамағат көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, рухани пайдалы мәлімет алды.