ЖАНТ мүшесі облыстық мешітте уағыз айтты
Теңге ауылдық «Қосай ата» мешітінің бас имамы Нұрмұхаммед Бахарамұлы Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде құптан уағызын жүргізді.
ЖАНТ мүшесі Нұрмұхаммед Бахарамұлы құптан намазынан кейін жамағатқа «Алла елшісіне деген махаббат» тақырыбында тағылымды уағыз айтты.
Өз сөзінде имам Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с) деген сүйіспеншілік – әрбір мүмін жүрегінде болуы тиіс ұлы сезім екенін атап өтті. Алла елшісін сүю оның сүннетін ұстану, өнегелі өмірін үлгі ету арқылы жүзеге асатынын жеткізді.
