ЖАНТ мүшесі «Ар-Рахман»мешітінің жамағатымен жүздесті
Қызылтөбе ауылдық «Мұстафа» мешітінің имамы Айғабыл Шәденов «Ар-Рахман» мешітіне арнайы барып, құптан намазынан кейін «Ынтымақтастықты арттыру» тақырыбында жамағатқа насихат айтты.
Уағыз барысында имам мұсылман қауымының өмірінде ынтымақтастық пен бірліктің алатын орны ерекше екенін түсіндірді. Әсіресе қазіргі заманда бауырмалдықты арттыру, бір-біріне демеу болу, қайырымдылық пен мейірімділікке ұмтылу – дініміздің басты қағидалары екенін атап өтті.




