«Ар-Рахим» мешітінде 7 отбасыға әлеуметтік көмек берілді
Қарақия ауданы, Мұнайшы ауылдық«Ар-Рахим» мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.
Қайырымдылық шарасы аясында әлеуметтік жағдайы төмен және мұқтаж жандарға қолдау көрсету мақсатында 7 отбасыға күнделікті қажетті азық-түлік пакеттері табысталды.
Бұл игі бастама – мешіттің тұрақты түрде атқарып келе жатқан қайырымдылық жұмыстардың бір бөлігі. Шара арқылы мұқтаж жандарға қолдау көрсетіліп қана қоймай, қоғамда ізгілік пен мейірімділік құндылықтары насихатталды.
Ата-аналар мен отбасылар алғыстарын білдіріп, қайырымдылық шарасының жалғасын табуына тілек білдірді.


