Оразмағанбет ахун мешітінде «Мектепке жол»қайырымдылық акциясы өтті
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Оразмағанбет ахун Тұрмағанбетұлы мешітінде дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.
Игі шара барысында 50 балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қатар, мектеп формасы мен аяқ киімдер үлестірілді. Балалардың алдағы оқу маусымына толық дайындалуына ықпал ету мақсатында оларға күздік және қыстық аяқ киімдер де сыйға берілді.
Акцияның басты мақсаты – жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қуанышын арттырып, олардың алаңсыз білім алуына жағдай жасау. Шара аясында мешіт бас имамы Оразбай Түркменбайұлы оқушыларға ақ жол тілеп, ата-аналар қайырымды жандарға алғыстарын жеткізді.




