blog Images

Мектепке жол-2025:”Әбіш қожа” мешітінде 150 балаға оқу құралдары берілді

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен Жаңаөзен қалалық орталық Әбіш қожа мешітінде дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті.

Игі шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан 150 балаға мектепке қажетті оқу құрал-жабдықтары табысталды.

Бұл қайырымдылық бастаманың мақсаты – жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың қуанышын еселеп, олардың алаңсыз білім алуына қолдау көрсету. Сонымен қатар, акция қоғамда ізгілік пен мейірім құндылықтарын дәріптеуді көздейді.Өз кезегінде ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізіп, балалардың жүзіндегі қуаныш – үлкендер үшін ең қымбат сый екенін атап өтті.