blog Images

«Мектепке жол – 2025» :40 бүлдіршінге оқуға қажетті құрал-жабдықтар берілді

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата»мешіті «Мектепке жол – 2025» республикалық қайырымдылық акциясы аясында Ақтау қаласындағы «Отбасылық үлгідегі балалар ауылы» ММ тәрбиеленушілеріне қуаныш сыйлады.

Атап айтқанда, 40-қа жуық балаға жаңа оқу жылына қажетті мектеп құрал-жабдықтары табысталды.

Іс-шара барысында облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы балаларға жаңа оқу жылында сәттілік тілеп, білім жолында табандылықпен ізденуге шақырды.

Бұл игі іс – қоғамдағы қайырымдылық пен мейірімнің көрінісі.Шараға қолдау білдірген «ULY DALA» холдингі ұжымына мешіт атынан шынайы алғысымызды білдіреміз!