blog Images

«Құран – екі дүние бақыты» атты облыстық Құран байқауы басталды

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен, Хәкім Абайдың 180 жылдығына орай, «Құран – екі дүние бақыты» атты жасөспірімдер арасындағы облыстық Құран байқауы басталды.

Құранның 28- 29-30шы парасын  мәнерлеп және жатқа айтудан сайысқа түсуші шәкірттер өз мәресін бастады. Шараның шымылдығын облыстың бас имамы Әнуар Ізімбайұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тілеп, Құран жаттаудың сауапты іс екенін атап өтті.

Бұл байқау жас өрендердің Құранды жатқа және тәжуидпен көркем оқу шеберлігін шыңдауға, сондай-ақ өңірдегі діни білім деңгейін арттыруға бағытталған.