ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН ЕКІ АПТАЛЫҚ ОҚУ КУРСЫ БАСТАЛДЫ
ҚМДБ «Діни оқу-ағарту» бағытына сәйкес Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата»мешітінде дін қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға C-санатындағы имамдарға арналған арнайы оқу дәрістері басталды.
Оқу бағдарламасы екі аптаға созылады.Біліктілікті арттыру мақсатындағы бұл дәрістер аясында дін қызметкерлеріне ақида (сенім негіздері), фиқһ (шариғи үкімдер) және Құран оқу ережелері (тәжуид) бойынша тереңдетілген білім беріледі.
Дәрістерді тәжірибелі ұстаз Марат Жарылқапұлы жүргізуде. Оқу барысында теориялық біліммен қатар тәжірибелік тапсырмалар да қамтылған.
Бұл бастама — имамдардың діни сауаттылығын арттырып, жамағатпен жұмыс сапасын көтеруге бағытталған жүйелі шаралардың бір бөлігі болып табылады.






