ӨҢІР ИМАМДАРЫНЫҢ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Маңғыстау облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстық орталық “Бекет ата” мешітінде өңір имамдарының жарты жылдық есебі тыңдалды.
Қала, аудан,ауыл имамдары қатысқан алқалы жиында ҚМДБ тарапынан бекітілген оқу-ағарту, уағыз-насихат, діни мерекелер мен қайырымдылық іс-шаралар, насихат және қоғаммен байланыс, діни білім және кадр дайындау, бесін, ақшам намаздарындағы уағыздардың айтылуы және жат ағыммен күрес бағыттары, аймақтардағы мешіттердің жағдайы бойынша тапсырмалар беріліп, бес бағытқа басымдық берілетіндігі айтылды.
Жиналыс барысында айтылған шаралар есебіне қатысты облыстың бас имамы Әнуар Ізімбайұлы жарты жылдық есеп тапсырған аудан, қала мешіттерінің жұмыстарына оң баға беріп, имамдардың еңбегіне сәттілік тіледі. Кейбір мешіт жұмыстарындағы кемшіліктер жайлы ескертіліп, алдағы жарты жылғы жоспарға енгізу туралы айтылды.






