blog Images

Жаңаөзен қалалық мешітінде “Имани жаз-2025” діни сауат ашу курсы аяқталды

Жаңаөзен қалалық “Шаңырақ” мешітінде өткен “Имани жаз-2025”, Дін мен дәстүр атты жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын сәтті қорытындылады.

Курс аясында жас шәкірттер Құран әліппесі мен намаз оқу негіздерін үйреніп, діни тәрбие мен ұлттық құндылықтар жайында тағылымды дәрістер тыңдады. Жазғы лагерьдің соңғы күнінде “IQRO QUIZ” атты білім сайысы ұйымдастырылып, белсенділік танытқан бүлдіршіндерге арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Салтанатты шарада мешіттің наиб имамы Дінмұхамбет Қуандыков жазғы курста қызмет еткен ұстаздарға мешіт атынан алғыс хаттар тапсырса, бүлдіршіндерге естелік сертификаттар мен арнайы сыйлықтар үлестірілді.

Бұл – имани тәлім мен ұлттық тәрбие қатар өрілген, өскелең ұрпақтың рухани дүниесін байытқан маусым болды.Имандылыққа бастаған осындай игі іс-шараларымыз алда да жалғасын таба бермек!