blog Images

“Ержан Хазірет” мешітінің шәкірттері арасында Дұғаларды жатқа айтудан жарыс өтті

“Ислам және отбасы құндылығы” жылы аясында Ақтау қалалық “Ержан Хазірет” мешітінде жазғы сауат ашу курсында білім алып жатқан шәкірттер арасында “Дұға сайысы” өткізілді.

Дұға – пенденің дәрежесін көтеретін құлшылық. Жарысқа 70-тен астам  мешіт шәкірттері қатысты.Шәкірттер жоғары деңгейдегі нәтиже көрсетіп, топтан оза шапқан жеңімпаздарымыз арнайы  сыйлықтармен марапатталды.Одан бөлек мешітімізден Құранға түсіп, оның отызыншы парасын жаттап шыққан шәкіртіміз Алдабергенұлы Әлиге арнайы сый-сияпат берілді.Сондай -ақ,шәкірттер арасындағы ең жасы кіші шәкіртке ынталандыру сыйлығы табысталды.
1-орын Киікбай Омар
2-орын Сүйіндікұлы Ибрахим
3-орын Наурызбайұлы Байсалды иеленді.