Бейнеу аудандық мешітінде Құрбан айтқа орай спорттық сайыс өтті
Бүгін Құрбан айт мерекесіне орнай Бейнеу аудандық «Ыбырайым ахун Құлбайұлы» мешітінің ұйымдастыруымен жамағат арасында футболдан сайыс өтті.
Жастардың ауызбіршілігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткен сайыс тартысты өтті. Тартысты өткен спорттық доданың жеңімпаздары анықталып, арнайы марапаттарға ие болды.

