blog Images

“Шетпе” мешітінде Құрбан айтқа орай спорттық сайыстар өтті

Маңғыстау аудандық мәдениет және спорт бөлімінің қолдауымен Маңғыстау аудандық Шетпе мешітінде Құрбан айт мерекесі атап өтілді.

Қасиетті Құрбан айттың құрметіне орай  спорттық шаралар ұйымдастырылып,арқан тарту, гір тасын көтеруден және жасөспірімдер арасында қазақ күресінен жарыс өткізілді.Жеңімпаз атанған жандарға арнайы сыйлықтар беріліп,марапатталды.