blog Images

ҚҰРБАН АЙТ-2025:ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ ҚУАНЫШПЕН АТАП ӨТІЛДІ

Күллі мұсылман қауымы сағына күткен қасиетті Құрбан айт мейрамы басталды. Мұсылман жұртшылығының ұлық мерекесі Құрбан айттың құрметіне орай Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінің ауласында ауқымды мерекелік іс-шара өтті.

Облыстық мешітте Айт намазы оқылып, құрбандық шалынған соң  мешіт ауласында қазақы ақбоз үйлер тігіліп,жамағат арасында ұлттық ойындар қазақша күрес,қол күрес, гір тасын көтеру,асық ату,ләңгі тебу секілді спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.Жиналған жұртшылық мешіт ауласында жайылған айттық дастарханнан дәм татып, бір-бірін құттықтап, жылы лебіздерін жеткізіп жатты.

Ұлы мерекеге орай,бүлдіршіндерге  көңіл күй сыйлап, рухани тәрбиеге баулу мақсатында айттық тәттілері үлестіріліп,балаларға арналған ойын батуттар мен арнайы аниматорлар тегін қызмет ұсынды.

Сонымен қатар,мерекелік шара барысында «Ақын қаламындағы айт»атты Маңғыстау облыстық жазба ақындар арасындағы жыр мүшәйрасы өз мәресіне жетіп, жүлделі жеңімпаздар қаржылай сыйлықтармен  марапатталды.