blog Images

ҚҰРБАН АЙТ-2025:ОБЛЫСТЫҚ МЕШІТТЕ АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛДЫ

Бүгін күллі мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын құрбан айт мейрамының алғашқы күні.Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде таң сәріден Құрбан айт намазы оқылды.
Мешітке жиналған жамағат дұға жасап, мұсылмандық парыздарын орындады. Айт намазы ҚМДБ-ның бекіткен кестесі бойынша таңғы сағат 06:30-да оқылды.

Облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Құрбан айт мерекесімен құттықтап, Құрбан айттың шығу тарихы және мән-мағынасы жайлы тұщымды уағыз-насихат айтты.

Намаздан кейін Құрбан айт хұтпасы оқылып, мешітке жиналған жамағат Жаратушы Алладан еліміз бен жерімізге амандық, тыныштық тілеп, дұға жасады.

Сондай -ақ,бүгін кешкі  сағат 18:00де облыстық мешіт ауласынан қазақы ақбоз үйлер тігіліп,айт дастарханы жайылып,Ұлық мерекеде ұлттық ойындарымыз дәріптеліп,мерекелік шарамен жалғасатын болады.