ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ҚҰРБАН АЙТ ТУРАЛЫ СҰХБАТ БЕРДІ
Мұсылман үмбетінің ұлық мерекесі Құрбан айтқа орай Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы Маңғыстау тв телеарнасында арнайы сұхбат берді.
Тікелей эфирде өткен сұхбат барысында облыс бас имамы барша мұсылман қауымды келе жатқан Құрбан айт мерекесімен құттықтап, иісі мұсылман баласы үшін ұлық болған Құрбан айт мерекесінің тарихы мен мән-маңызы, құрбандық шалудың сыры жайлы жан-жақты ақпарат беріп,тележүргізуші тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді.
