blog Images

Баянды ауылдық мешітінде «Имани жаз-2025» сауат ашу курсы басталды

Баянды ауылдық мешіті жылдағы үрдіске сай биыл да бүлдіршіндерге арналған тәрбиелі де өнегелі дәріске толы «Имани жаз-2025» рухани сауат ашу курсын бастады.

Мешіт тарапынан ұйымдастырған курстарда балаларға әдеп, ата-ананы сыйлау, үлкенге құрмет, кішіге ізет секілді тәлімі мол қасиеттер үйретіліп, дастарқан батасын беру, ас ішер алдындағы дұға, Құран әліппесін үйрену сынды дәрістер өткізілмек.