blog Images

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ҚМДБ ҚҰЖАТТАРЫН НАСИХАТТАДЫ

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы «Mańgystaý TV» облыстық телеарнасында қонақ болды. 

Әнуар қажы Ізімбайұлы «Төрлетіңіз» бағдарламасында VI Республикалық имамдар форумында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қабылдаған екі маңызды құжатты тікелей эфир арқылы насихаттады.Сондай-ақ,Маңғыстау облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы  Төлетов Серікбай Құдайбергенұлы эфир қонағы болды.

Сұқбат барысында облыс бас имамы аталған екі құжат «Қазақ халқының дәстүрінде және Ислам дінінде отбасы құндылығы» тұғырнамасы; «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу (мәзірі мен тәртібі)» құжатының мәні мен мазмұнын егжей-тегжейлі түсіндіріп, маңыздылығына тоқталды.Алдағы уақытта екі қала,бес аудан бойынша ақпарат-насихат топтары құрылып, VI Республикалық Имамдар форумында қабылданған маңызды 2 құжатты кешенді түрде насихаттау жұмыстары жүргізілмек.