blog Images

ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚМДБ ҚАБЫЛДАҒАН ҚҰЖАТТАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен VI Республикалық имамдар форумында ел болашағы мен діни тұрақтылық үшін аса маңызды екі құжат қабылданған болатын.Осы аталған құжаттар облыстық орталық “Бекет ата” мешітінде өңір имамдарына таныстырылды.

Жиын барысында   Маңғыстау ауданының бас имамы Ербол Айдарұлы «Құдайы ас беруде ысырапқа жол бермеу (мәзірі мен тәртібі)» құжатын  және Жаңаөзен қаласы Теңге ауылдық  Қосай ата мешітінің бас имамы Нұрмұхаммед Бахарамұлы «Қазақ халқының дәстүрінде және Ислам дінінде отбасы құндылығы» тұғырнамасы құжатын таныстырды.Сондай-ақ,қабылданған құжаттардың мәні мен мазмұнын егжей-тегжейлі түсіндіріп, маңыздылығына тоқталды.

Аталған құжаттар отбасы институтының тәрбиелік маңызын айқындап, діни рәсімдердегі бірізділікті қалыптастыруды көздейді. Әсіресе, құдайы ас беру рәсімінде ысырап пен бәсекеге жол бермеу, дастарқан мәзірінің мазмұндық және мәндік жағына мән беру мәселелері кеңінен қамтылды.