“Ар-Рахим” мешітінде қайырымдылық шарасы өтті
“Ислам және отбасы құндылығы” жылы аясында Мұнайшы ауылдық “Ар-Рахим” мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өткізілді.
Дініміз Исламда мұқтаждарға көмек көрсету аса сауапты амал делінген. Ізгілікке бағытталған шара барысында аз қамтылған және көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі т.б санаттағы 15 отбасыға азық-түлік таратылды.Көмекке ие болған отбасылар өз алғысын білдіріп,жұмыстарына береке тіледі.


