blog Images

“Насихат керуені”-Бейнеу ауданында

Дін қызметкерлерінен құралған “Насихат керуені” Бейнеу ауданына ат басын бұрды.ҚМДБ тарапынан  әр жұма  сайын бекітілген тақырып аясында “Қажылық-бес парыздың бірі” тақырыбында жұма уағызын жүргізді.

Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінің ұстазы Марат Жарылқапұлы Бейнеу аудандық “Ыбырайым ахун” мешітінде,Ақшұқыр ауылдық мешітінің бас имамы Юнус Қадырқұлұлы “Басшы Айжанақұлы” мешітінде,Ақтау қалалық “Бекет ата” мешітінің ұстазы Қаржаубаев Жеңіс “Боранқұл” ауылдық мешітінде жұма уағызын жүргізсе облыстық орталық “Бекет ата” мешітінің наиб имамы  Жұмырбаев Жұмабай Нұрнияз ахун мешітінде және облыстық мешіттің наиб имамы Іздібай Бегенұлы Тұрыш ауылдық мешітінде  жұма намазын оқып,құлшылық үйіне жиналған жамағатқа қажылық ғибадаты туралы ақпарат беріп, оның мұсылман баласы үшін маңыздылығын еске салды.