blog Images

Шаңырақ мешітінің дәрісханалары толықтай құрал-жабдықтармен жабдықталды

ҚМДБ Жаңаөзен қалалық  Шаңырақ мешітіндегі шәкірттер білім алатын дәрісханаларда жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа заман талабына сай смарт парта-орындықтармен және қажетті құрал-жабдықтармен толықтай жабдықталды.

Бұл – ортақ сауапқа ұмтылған жанашыр жандардың қайырымды қолдауының нәтижесі. Қасиетті мекенде білім іздеген шәкірттердің жайлы әрі тиімді ортада оқуына жағдай жасап берген баршаңызға Алла разы болсын!

Сіздердің әрбір көмектеріңіз – сауапты істерге салынған көпір. Раббымыз бұл қайырымды істеріңізді еселеп қайтарсын!“Садақа – жамандықтың бетін қайтарады” – деген Пайғамбар өсиетін ұмытпайық.Бұл игі іске үлес қосқан жомарт жандарға Алла Тағала разы болсын!