“Шаңырақ”мешітінде интеллектуалды білім сайысы ұйымдастырылды
“Ислам және отбасы құндылығы” жылы аясында Жаңаөзен қалалық “Шаңырақ” мешітінің ұйымдастыруымен жастарға арналған интеллектуалды“IQRO QUIZ” сайысы өтті.
Сайыстың мақсаты – жастар арасында діни сауаттылықты күшейтіп, имандылықты насихаттау, сонымен қатар мешітке деген сүйіспеншілікті арттыру болатын.Қатысушылар Құран аяттары мен хадистерге негізделген сұрақтарға жауап беріп, білімдерін сынап, дін жайлы танымдарын арттырды.
Шара барысында:
• Қатысушылар 3 командаға бөлініп сайысты
• Әр сұрақ интерактивті түрде экран арқылы ұсынылды
• Қатысушылар арасында өзара қолдау, ұйымшылдық, ізденіс байқалды
• Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды
Сайысқа 40-қа жуық жас қатысты. Мешіт ұстаздары мен жамағаты тарапынан жылы ықылас білдірілді.
Бұл тек бастамасы! Жаңаөзен қалалық мешіті жастардың рухани, тәрбиелік дамуына бағытталған мұндай игі шараларды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырады.
Бізбен бірге болыңыз – имани ортада өсуге бірге үлес қосайық!

