Маңғыстау аудандық “Шетпе мешітіне жаңа имам тағайындалды
ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы «Шетпе»мешітіне бас имам қызметіне Айнақұлов Ербол Айдарұлы тағайындалды.
Бас мүфти бұйрығын Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Қобланов Іздібай оқып, құлшылық үйінің ұжымы мен жамағатына бас имамдық қызметке тағайындалған Айнақұлов Ербол Айдарұлын таныстырды.
Айта кетейік,Ербол Айдарұлы Маңғыстау ауданы Жыңғылды ауылдық мешітінде имам қызметін атқарған.
⠀