blog Images

Оразмағанбет ахун мешітінің қызметкерлері ҰОС ардагерлерін зиярат етті

9 мамыр-Ұлы Отан соғысы жеңісі күні қарсаңында Жаңаөзен қаласының маңындағы Рахат ауылдық“Оразмағанбет ахұн Тұрмағанбетұлы” мешітінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлерін зиярат етіп, сый-сияпат жасады.

Қарияларға құрмет білдірген мешіттің бас имамы Адаев Оразбай  ардагерлердің амандығын біліп, оларға әзірленген сый-сияпаттарды ұсынды. Жеңісті күнді жақындатып, келешек ұрпаққа бейбіт күнді сыйлаған ата-әжелеріне шексіз алғыстарын білдірді.

Ардагерлер де дін қызметкерлеріне бата-тілектерін жаудырып, соғыс жылдарындағы оқиғаларды, майдан даласында жау шебіне қарсы шайқасқан ерліктерін баяндады.