blog Images

Облыстық мешіт ауласына тазалық жұмыстары жүргізілді

Бүгін ТОО”Ақтау Сервис  құрылысы” қала тазалықшылары Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінің ауласын абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Ардақты пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) табиғатты аялауға қатысты хадистерін ту еткен қала тазалықшылары  мешіт ауласын қоқыстан тазартып, шөптерден тазартып сыпырып,кешенді тазалық жұмыстарын жүргізді.

Алла үйінің тазалығы үшін атсалысқан, қала  көшелерінің таза болуы үшін күні-түні еңбектеніп жүрген қала тазалықшыларына Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата”мешітінің атынан алғысымызды білдіреміз!