blog Images

Ақшұқыр ауылдық мешітінде жамағат арасында футболдан турнир өткізілді

 “Ислам және отбасы құндылығы” жылы аясында Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен жамағат арасында футболдан турнир өткізілді.

Мұсылман адам қадіріне жете бермейтін екі нәрсе бар: бірі бос уақыт болса, екіншісі денсаулық. Жастардың ауызбіршілігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында  өткен сайыс тартысты өтті.Сайыстың нәтижесі бойынша:

“Үздік қақпашы”- Нұржан Арман және Мақсат Рауан
“Үздік қорғаушы”- Қосаев Бақытбек
“Үздік шабуылшы”- Омарханов Мухаммад иеленіп,Үздіктерге мақтау қағаздары мен арнайы сыйлықтар табысталды.