“Өмірге үміт сыйла”:Мүгедектігі бар жанға трансформер кереует табысталды
ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық” қорының «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінің ұйымдастыруымен сырқаттанып жатқан, мүгедектігі бар жігіттің күтімі үшін арнайы трансформер кереует табысталды.
Нақтырақ айтқанда,26 шағын ауданының тұрғыны Алтынгүл Баянова Маңғыстау облыстық “Бекет ата” мешітіне сырқаттанып жатқан баласының күтімі үшін арнайы кереует қажеттігін айтып,көмек сұрап келген болатын.Мүгедектігі бар балаға арнайы жатқызып,отыруға,тамақтануға ыңғайлы трансформер кереует табысталды.Қайырымдылық көмек алған ана мешіт қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.
Айта кетейік, Зекет және қайырымдылық қорының бастамасымен сырқатқа шалдыққан азаматтарды қолдау мақсатында «Өмірге үміт сыйла» жобасы бірнеше бағытта жүзеге асырып келеді.



