blog Images

Дінмұхаммед Сманов облыстық мешітте уағыз айтты

“Ислам және отбасы құндылығы” жылы аясында РАНТ мүшесі,ұстаз Дінмұхаммед Абдужаппарұлы Маңғыстау облысына арнайы іссапармен келді.

Аталмыш іссапар барысында РАНТ мүшесі Маңғыстау облыстық орталық “Бекет ата” мешітінің жамағатымен жүздесіп,ақшам намазынан соң Ислам және отбасы құндылығы тақырыбында уағыз-насихат айтты.Кездесуде Дінмұхаммед Абдужаппарұлы исламдағы отбасы құндылығы,ер мен әйелдің отбасындағы рөлі,бала тәрбиесі турасында насихат айтты.Сондай-ақ,жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға шариғат шеңберінде жауап берді.