Ақшұқыр ауылдық мешіті:«Darhan Dala» жобасы жалғасуда
ҚМДБ тарапынан жүзеге асып жатқан «Darhan Dala»отандық рухани туризм жобасы аясында Ақшұқыр ауылдық мешітінің дін қызметкерлері мен мешіт жамағатымен табиғат аясына рухани сапар ұйымдастырылды.
РАНТ мүшесі, Ақшұқыр ауылдық мешітінің имамы Юнус Қадырқұлұлының бастауымен Шайыр ауылы жанындағы Көгала деген жердің керемет табиғаты аясында өтті. Табиғат аясында керемет сұхбатпен қатар, түрлі ұлттық спорт түрлерінен жамағат арасында жарыстар өткізіліп, сыйлықтар табысталды.Демалыс соңы барлық жерге тазалық жүргізіліп, басқа келушілерге керемет үлгі көрсетілді.





