blog Images

Жаңаөзен қалалық мешіттері:Ұлттық спорт ұлықталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Республикалық ислами діни бірлестігінің филиалы Жаңаөзен қаласының мешіттері және Жаңаөзен қалалық спорт басқармасының ұйымдастыруымен ұлттық спорттан жарыс өткізілді.

Ораза айт мерекесіне орай Жаңаөзен қалалық мешітінде ұлттық спортты насихаттау және ауыз біршілікті нығайту мақсатында ұлттық спорттан жарыс өтті.Атап айтсақ гір тасын көтеру, садақ ату, ләңгі тебу, асық ату, қол күресі, арқан тартысы және лақты көтеру бойынша. Жарыс жоғары деңгейде атқарылып өтткізілді.Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйлық және диплом медальдары мен марапатталды.